Бірлік – ұлы жеңістің негізгі көрсеткіші
Бірлік – ұлы жеңістің негізгі көрсеткіші
258
оқылды
Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір­лесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы қазір­гі жағ­дайдың әр саланы тең­селтіп, бүкіл әлем­ді күй­зелтіп, Қазақ­стан халқы да алаңдау­шы­лық­пен күй кешіп жат­қан тұста баршаға демеу болғаны  сөз­сіз. Әлемді шар­пыған ін­дет елі­міз­­ге жет­кен кез­де нағыз бір­­­­лік­тің озық үлгісін біртұтас ел болып көр­сету­деміз, нәти­жесінде осы қиындықты еңсеретін қоғамда жүйе де, сана да қалыптасты. Қазақ халқы бұдан да зор зұл­матты бастан өткерген және барлығын асқан қайсарлықпен, төзімділікпен, көрегендікпен жеңген болатын. Елдегі төтенше жағдай әр отбасына оңай тиіп жат­пағаны анық, осы тұста Елбасы еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мем­лекет үшін маңызын, оны сақ­тап, қорғау жолында іргелі істер ат­қарылатынын атап өтті. Тәуел­сіздіктің арқасында бүгінгі таңда тасы өрге шыққан кәсіпкерге еліне, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бастамасы да лайықты нәтижесін беруде . Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде қазір тәртіпке бағыну және бір-бірімізге қолдау білдіру қажетін айтты. Жаһандық індет­тің ауыртпалығы қай елге де салмағы ауыр соққы боп тиюде. Алайда біздің алаңдауымызға еш негіз жоқ, өйткені біз Тәуелсіздік алғаннан бастап осындай сын сағатына дайын болуымыз үшін әр саланың дамуына аса мән берілгені осындай сынақта нақты өзінің оң нәтижесін берді. Әлем жұртшылығы біздің елдің індетке қарсы күресіне ерекше назар аударып отыр. Мақалада қазақ елінің біртұ­тастығы жолындағы тарихи тұлғалар Әйтеке мен Төле би­лер­дің, ұлы Абайдың даналы сөздері көрініс тапқан. Берекесі таймаған, ырысы тарқамаған елдің алар асуы мен бағындырар шыңы мол болары сөзсіз. Халқы­мыз­дың амандығын сақтап, тәртіпке бағынып, қиындықты бірге еңсерейік.