Ғалымдар науқас жөтелгенде коронавирус қалай тарайтынын көрсетті
Ғалымдар науқас жөтелгенде коронавирус қалай тарайтынын көрсетті
© сурет интернеттен алынды
389
оқылды

Финляндиядағы Аалто университетінің бір топ ғалымы жөтелден кейін коронавирустың қалай таралатынын бейнеролик арқылы көрсетті, деп жазады Massaget.kz.

Fox News-тің хабарлауынша, ғалымдар аэрозоль бұлтының 3 өлшемді моделін ұсынған. Бұл үшін сөрелермен бөлінген супермаркет ғимараты таңдалған.
 Жөтелгенде ғимараттағы ауа мен аэрозольді бұлт өзара араласып алға жылжиды. Бұлт бірнеше минут ішінде таралып, ауада қалады, - дейді мамандар.
Ғалымдар 20 мкм-ден кіші түйіршіктер қозғалысын көрсеткенімен, құрғақ жөтел кезінде бұл тамшылардың мөлшері әдетте 15 мкм болатындығын атап өтті. Мамандардың пікірінше, бұл жағдайда жөтел түйіршіктері еденге құламайды, керісінше ауа ағынымен қозғалып таралады немесе бір жерде қалады. Зерттеушілер осы арқылы адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болып, инфекцияның таралу қаупін азайту маңызды екенін айтады.