Әлемде 1 миллион 776 мыңнан астам адам COVID-19 індетін жұқтырған
Әлемде 1 миллион 776 мыңнан астам адам COVID-19 індетін жұқтырған
2,296
оқылды
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ақпарат көздерінің хабарлауынша, індеттің ілмегіне іліккендердің қатары 1 млн 776 мыңнан асты. 108 мыңнан астам науқас көз жұмды. Әсіресе, АҚШ-тағы жағдай қиын. Бір тәуліктің ішінде Құрама штаттарында 2 мыңнан астам адам осы COVID-19 дертінен көз жұмған. Бұған дейін мұндай жағдай бірде-бір елде тіркелген жоқ еді. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы бері аймақта 19701 адам жан тапсырды.Марқұмдардың басым бөлігі Нью-Йорк штатының тұрғындары. - Тағы 783 адам қайтыс болды. Ауруханада бос орын жоқ. Алайда, соңғы түні ауруханаға түскен жаңа науқастардың саны азайды. Бұл, әрине, қуантатын жайт. Ал, Францияда бір күнде 353 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жансақтау бөліміне түскендердің саны да қысқарып келеді. Мамандардың айтуынша, эпидемияға қарсы қабылданған шаралар оң нәтижесін бере бастады, - деді Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо.