Нұр-Сұлтанда карантин режиміне қатысты отырыс өтеді
Нұр-Сұлтанда карантин режиміне қатысты отырыс өтеді
© сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. 13 сәуір күні Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Төтенше жағлайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Отырыста жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық штабы. Кәсіпорын қызметі біртіндеп жаңартылады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады. Тұрғындар тек ресми ақпарат көздері мен ресми хабарламаларға жүгінуі қажет. Тәртіп бұзушылық фактілері қатаң түрде жазаланады. Тұрғындарға үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне/дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат етіледі. Адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық күйінде қала береді.