Оқушыларға ноутбуктер жіберді – Польшаның гуманитарлық көмегі
Оқушыларға ноутбуктер жіберді – Польшаның гуманитарлық көмегі
368
оқылды
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Польшадан чартерлік рейспен гуманитарлық көмек келді.   Қазақстанға Wipasz поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді. Айта кетейік, биыл 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-ден гуманитарлық көмек келген болатын.