Азық-түлік бағасын тексерді
Азық-түлік бағасын тексерді
461
оқылды
Nur Otan партиясы республикалық деңгейде коро­на­вирус­қа қарсы күресті күшейту іс-шараларын жалғастыруда. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Nur Otan партиясының Орал қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясы қала ішіндегі орталық «Мирлан» базары мен «Атриум» сауда орталығында орналасқан «Дина» супермаркетіндегі азық-түлік бағасының тұрақтылығын тексеру мақсатында арнайы рейд жүргізді. Оған Орал қалалық мәслихат депутаттары, «Ақ­жайық адалдық  алаңы» жобасының мүшелері, «Антикор» ор­талығы және партияның белсенді мүшелері қатысты. Іс-шара барысында сауда ор­та­лығындағы сатушыларға тө­тен­ше жағдай кезінде бағаны тұрақты етіп, жеміс-жидек пен көкөністі сақ­тау кезінде санитарлық нор­ма­лар­ды орындау керегі айтылды. Сон­дай-ақ тауар құнын негізсіз өсір­­ген сатушыларға қатаң түрде ес­­керту жасалды. Рейд соңында атал­­­ған жұмыс тобы сатушыларға ме­дициналық бетперде мен қол­-ғап киіп жұмыс істеуге кеңес бер­ді. Айта кеткен жөн, Батыс Қа­зақ­­стан облысы бойынша әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауа­рына шекті бөлшек бағалары тұ­рақ­ты болғанымен, тексеріс ке­зінде бас­қа тауардың қымбат­тауы бай­қал­ды. Сонымен қатар тауар­дың қым­­баттау себебі дел­дал­д­ар қыз­ме­тінен туындап отыр­ға­ны белгілі бол­ды. Жоғарыда атал­­­­ған мәселе бойынша хаттама толтырылып, жұмыстану үшін жауап­ты органға жіберіледі. Мо­ни­торинг жүргізу шаралары ал­да­ғы күндері жо­ғары­да аталған жұ­мыс тобының мүшелерімен бірге жал­ғасын та­бады.  

 А.ЖАСАНҰЛЫ