Бетпердені тегін таратты
Бетпердені тегін таратты
234
оқылды
Пре­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­­сыр­­ма­­­сымен бастау алған #BizBirgemiz республикалық акциясы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында жалғасын тапты. Ауданның елжанды азаматтары, ірі шаруа қожалық иелері мен жеке кәсіпкерлер игі мақ­сат­тағы іс-шараларға білек сы­бана қатысып жатыр. – Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев елі­мізді береке-бірлікке шақыр­ған құнды мақаласын жариялап, өтпелі кезеңде жұдырықтай жұ­мылу қажет екеніне ерекше тоқ­талды. Осы орайда, Үржар ауда­нын­дағы барлық ауылдық округте аз қамтылған отбасыларға, көп­ба­лалы отбасыларға, мүмкіндігі шек­теулі жандарға азық-түлікпен бір­ге құрбандыққа шалынған мал еті таратылуда, – деді аудандық іш­кі саясат бөлімінің басшысы Ел­дос Бейсенов.    width= Оның айтуынша, #BizBirgemiz акциясына Бақты ауы­лын­дағы әр жылдағы мектеп түлектері, білім ор­даларының ұжымы, мем­ле­кет­тік қызметкерлер, дәрігерлер, во­лон­терлар және жерлес спорт­шылар үлес қосуда. – Олар тұрғындарға  азық-тү­лік дорбалары  мен медициналық бетперде таратты. Жалпы,  төтен­ше жағдай жарияланғаннан бері ау­дан бойынша 20 млн теңгеден ас­там қаржы мөлшерінде қайы­рым­дылық шарасы жүзеге асы­рылды. Алдағы уақытта игілікті іс­тер жиі ұйымдастырылады, – де­ді бөлім басшысы.  

Әбілмансұр ЖАСАН