Саяси науқанның маңызы талқыланды
Саяси науқанның маңызы талқыланды
470
оқылды

Шымкентте «Сайлау – 2019: жоспарланған саяси науқанның ерекшеліктері» тақырыбында эксперттік талқылау жиыны өтті. Оған Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қалалық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Біліс­бе­ков, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, журналист, блогер Сырым Итқұлов қатысты.

Мемлекет басшысын сайлауға қатысушылар арасында жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, ­ал­да­­ғы саяси науқанның ерекшелі­гін, өз­­ге­лерден айырмашылығын талқылады.

Талқылау барысында саясатта­ну­шы Уәли Қыдыр әрбір қазақстандық елдегі жоспарланған саяси оқиға­лар­дың мәнін түсіну керегін атап өтті.

– Еліміздегі елеулі саяси оқиға Қазақстан Прези­дентін кезектен тыс сайлау науқаны қарсаңында Шым­кент қаласы бо­йын­ша «Аманат» аза­маттық плат­форма­сы­ның экс­перт­тік талқылауы ұйымдас­тырыл­ды. Бұл науқан еліміздің демо­кра­тия­лық құнды­лық­тарға сай ары қарай да­муының ал­ғышарты бола отырып, қазіргі қа­лыптасқан әлеу­мет­­тік-эко­номи­ка­лық, қоғамдық-саяси әлеуетін ортақ арнаға тоғыс­ты­рады. Даму сабақ­тас­тығы жыл сайын қазақ­стандықтарға жаңа батыл міндеттер қоятын Елбасы Жол­дауларын іске асыруға негіз­делген, – деді ол.

Кездесу барысында сарапшылар Қазақстандағы алдағы сайлауалды ұйымның негізгі аспектілерін талқы­лап, саяси процестің дамуына сарап­тамалық баға берді.

Басқосуда Қазақстан Журна­листер одағы Шымкент қалалық фи­лиалының төрайымы Айгүл Қап­барова сөз алып, алдағы сайлауда ел ертеңіне бей-жай қарамайтын әрбір адамның дауыс беріп, таңдау жасауы – азаматтық парыз екенін айтты.

– Шымкенттіктер барлық сай­лауда белсенділік танытып келеді. Бұл жолы да халықтың белсенділігі жоғары деп айта аламын. Әлеуметтік же­лі­лерден байқағанымыздай, жастардың да қызы­ғушылығы, қолдау білдіруі, азаматтық ұстанымы айрық­ша екенін аңғаруға бо­лады. Биылғы сайлауға өңір­дегі 122 мың жас қаты­сады деп кү­тілуде. Жалпы, 9 мау­сымда өтетін президент сайлауында Шым­кент қала­сында 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау кезінде тұр­ғын­дарға қолайлы жағдай жасалмақ. Әрбір сайлаушының дауысы ел тағ­дырын шешеді. Сондықтан белсенді азамат­тық ұстаным танытып, ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісім үшін дауыс беруге тиіспіз, – деді Айгүл Қапбарова.

Талқылау соңында сарапшылар демократиялық сайлау және дауыс беру құқығы – демократияның қа­жетті элементтері, қазақстандық мем­лекет­ті­ліктің басты қағидасы екенін атап өтіп, елдегі жоспарланған саяси оқи­ға­ның мәні және маңызына тоқталды.

Әбілмансұр ЖАСАН