Әскери жиынға шақырылғандар көше тазалайды
Әскери жиынға шақырылғандар көше тазалайды
266
оқылды
2 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді арнайы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Еліміз бойынша екі мыңнан астам адам Отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдірген. Олардың қатарында 95 қарағандылық бар. Әскерге шақырылған еріктілер бір ай бойы маңызды нысандарды санитарлық тазартумен айналысып, санитарлық бақылау пункттерінде кезекшілік жасайды. Әскерге шақырылған қарағандылықтардың орташа жасы – 25 пен 35 жас аралығында. Олардың арасында ШОБ секторында уақытша жұмыссыз қалғандар бар. Медициналық білімі бар 17 адам тілек білдірген. Жұмысқа қабылданушылар бір ай ішінде қала аудандарын санитарлық тазарту үшін қосымша күш ретінде тартылады. - Еліміз көзге көрінбейтін жаудың таралуына қарсы күрес жүргізіп жатыр. Дәрігерлер, полицейлер, еріктілер және барлық мүдделі азаматтар ерекше режимде жұмысын жалғастыруда. Бірақ қауіп сақталуда, індеттің шарықтау шегі әлі өткен жоқ, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Олар жеке қорғаныс құралдарымен, күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілді. Әскери жиынға шақырылған сәттен бастап әскери қызметші мәртебесін алды. Барлығына жалақы мен заңмен белгіленген жеңілдіктер, әлеуметтік кепілдіктер тиесілі түрде беріледі.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.