Білім министрі халыққа үндеу тастады

Білім министрі халыққа үндеу тастады

Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 15 мамырда барлық өңір­­дегі бүкіл мектепте ата-аналардың жалпыұлттық жина­лы­сы өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым минис­трлігі мәлім­деді. Ведомство осынау республикалық ша­раны «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орайластырып отыр.

Өйткені отбасы мерекесі қа­зіргі заманда әрбір жанұяның – «қоғам ұяшығының» қаншалықты маңызды екенін еске салады. Қоғамның басты элементі ретінде отбасы – тұрақтылық пен да­мудың басты факторы, – деп дәйектеді БҒМ.

Министрлік ата-аналардың жалпыұлттық жиналысымен құра­мында оқушы бар барлық қазақстандық отбасыны қамты­мақ ниетте. Себебі, баласы білім ордасына барып жүрген ата-ана­лардың бәріне қазіргі мектептің не күйде екені, білім беру деңгейі, жүргізіліп жатқан реформалар мен енгізілетін жаңашылдықтар, басқа да мәселе қызықты болса керек.

Бұл күні ата-аналар жал­пыұлттық жиналысқа атсалысу үшін мектепке келіп, мектеп басшылығымен кездесу, сынып жетекшілерімен және мұғалім­дерімен тілдесу, өздерін мазалап жүрген сауалдарға жауап алу, көкейкесті мәселелер мен келесі оқу жылының жоспарын талқылау мүмкіндігіне ие болатын көрінеді.

– Құрметті ата-аналар! Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталған іс-шараға қатысуға ша­қырады. Ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жұмыс берушілерден осы күні оқушысы бар қызметкерлерін жұмыстан ерте босатуды сұрайды! – деп халыққа қайырылды БҒМ.

Талқылайтын мәселе жетер­­лік болса керек. Басқасын бы­лай қойғанда, таяуда министр К.Шәм­шидинованың өзі Үкімет отырысында хабарлағандай, бү­гінде елімізде 31 апатты мек­теп, 128 үш ауысымда оқытатын мек­теп бар. Ал Қазақстан бо­йынша оқушы орындарының тапшылығы 196 мың орынды құрады.


Елдос СЕНБАЙ