Үш мың ерікті қызмет етуде
Үш мың ерікті қызмет етуде
2,244
оқылды
Jas Otan Жастар қанаты кеше ел бойынша 40 мың  отбасыға 5 млн  дана медициналық бетперде таратуды бастады. Әр отбасыға кемі 50 данадан  берілетін бетперде  үлестіру шарасы  Nur Otan пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойын­ша жүзеге асырылып жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында өтуде. Бетперде тарату шарасы акцияның  екінші кезеңін бастап берді. Nur Otan партиясының қол­дауы­мен #BizBirgemiz акциясы ая­сында Нұр-Сұлтан қаласында әлеу­­­меттік кө­мекке мұқтаж 2 000 от­­басыға тегін бетперде таратылды. Қа­­ла тұрғында­ры­на үлестірілген әр­­бір қораптың ішін­де 50 дана ме­­­­дициналық бетпер­де болғанын ай­та кеткен жөн. Шара барысында Jas Otan Жас­тар қа­натының ерікті жастары Нұр-Сұл­тан қаласындағы Конг­ресс-холда жи­налып, 2 миллион бет­пердені қа­­­былдап алды. Ар­найы қорғаныш киі­мін киген ерік­ті­лердің бір тобы бет­перделерді ша­ғын қораптарға сал­са, енді бірі олар­ды алдын ала дайын­далған ар­найы көліктерге тиеді.  Ерік­ті­лердің басы-қасында Jas Otan Жас­тар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев жүрді. – Елбасы – Nur Otan пар­тия­­­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасы бойын­ша, қала әкім­дігі­мен бір­лесе оты­рып, #BizBirgemiz ак­­ция­сының екін­ші кезеңін бас­тай­­мыз. Өзде­ріңіз білетіндей, осындай қиын жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету қа­жет. Сол себептен Nur Otan пар­тия­сы мен Jas Otan Жастар қа­на­тының еріктілері қала тұрғындарын сақ­тану құрал­да­ры­мен қамтамасыз етіп жатыр, – деді Елнұр Бей­сенбаев. Ол, сондай-ақ негізгі басымдық аз қамтылған, көпбалалы отбасы­лар­ға, жалғызбасты қарттар мен мү­ге­дектерге бағытталатынын атап өтті. Со­нымен қатар белсенділер осы ап­та­да азық-түлік үлестіруді қайта бас­тайтынын,  жалғызбасты зей­нет­кер­лерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасатынын тілге тиек етті. Бетперделерін тағып, бір метр ара қашықтықты сақтауға тырысып жүр­ген ерікті жастар өздеріне беріл­ген мін­детті көтеріңкі көңіл күймен ат­қарды. – Карантин кезінде үйде босқа жат­қанша, көпшілікке титтей де бол­сын пайдамызды тигізейік дедік. Рес­­публика бойынша аталған іс-ша­ра­ға біз сияқты 3 мыңнан аса ерікті ат­са­лы­­сып жатыр. Мұндайда уақыт өте көңіл­­ді өтеді. Бәріміз дайындық жұ­­мыс­­тарын жүргізіп, тізім жасап, өз мін­­детімізді бөліп алдық. Кейбір жі­­­­гіт­­­тер өзі ғана келмей, көлігі­мен жүр, – дейді ерікті Бақ­дәу­лет Жан­діл­даев. Айта кетейік, 19 наурыздан бас­тап Jas Otan Жастар қанатының 3 000-нан астам еріктісі Қазақстан бойын­ша 50 мыңнан астам отбасын бі­рінші қажеттіліктегі азық-түлік­тер­мен қамтамасыз етуге атсалысты. Күн сайын Нұр-Сұлтан және Алматы қа­лаларында еріктілер 1 200-ден астам жалғызбасты зейнеткерді ыс­тық тамақпен қамтамасыз етіп жа­тыр. Сондай-ақ олар зейнет­кер­лерге дәрі-дәрмектерді және қорға­ныс құралдарын жеткізуді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қа­ласында 500-ден аса волонтер атал­ған іс-шараға белсенді түрде ат­са­лысты. Мұндай шара Алматы мен Шым­кент қалаларында да ұйым­дас­тырылуда.  

Абылайхан ЖҰМАШ