50 мың теңгеден үлестірді
50 мың теңгеден үлестірді
2,391
оқылды
Елбасы – Nur Otan пар­­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz  қоғамдық қоры еліміздегі әлеуметтік әлсіз топтардан шыққан отбасыларға 50 мың теңгеден беріп жатыр. Шара облыс орталықтары мен тұр­ғын саны көп жалпы 23 қаладағы 150 мың­­нан астам азаматты қамтиды. Үйлестіруші – Nur Otan партиясы жә­не жергілікті әкімдіктер. Тиісті министрлік пен қала әкімдігіндегі база бойынша Түркістан қаласынан жо­ғарыдағы санатқа жататын 4 903 тұрғын анықталып, оларға көмек көрсетілді. Яғни, 4 903 отбасыға 50 мың теңгеден аударылды. Атап айтқанда, Түркістанда аз қамтылған 1 326 көпбалалы отбасы, 819 бірінші топ мү­гедегі, мүгедек бала күтімімен отырған 1 014 отбасы, зейнетақысы төмен және аз қам­тылған 1 611 зейнеткер, 59 жетім бала, 74 ҰОС мүгедегі мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден бе­рілді. Тұрғындар қиын кезеңде қолдау көр­сеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Birgemiz қорына және кәсіпкерлерге ал­ғысын білдірді. Аталған қордан көмек алушылар жеті са­натқа бөлінген: аз қамтылған көпбалалы от­басылар; I топтағы мүгедектер; мүгедек бала кү­ті­мімен отырған адамдар; зейнеткерлер (ең тө­менгі және төмен зейнетақы алатындар); же­тім балалар және бір асыраушысынан айы­рылған жетім балалар; ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер; тыл еңбеккерлері. Бұл – кәсіпкерлердің елге деген қосымша кө­мегі. Бюджет қаражаты жұмсалмаған. Мақ­сат – көмекке аса мұқтаж жандарға, әлеу­меттік аз қамтылған отбасыларға кө­мек­тесу. Аталған қаражат барша тұрғындарға ар­налмаған. Қаржы шектеулі болғандықтан, жо­ғарыда аталған санатқа жататын тұрғын­дарға ғана көмек көрсетілді. Birgemiz қоғамдық қоры арқылы  көмек бері­летін 23 қаланың қатарына Түркістан об­­­­лысынан Түркістан қаласы ғана енді.  

Әбілмансұр ЖАСАН