Қарағанды облысында алты айлық баладан коронавирус анықталды
Қарағанды облысында алты айлық баладан коронавирус анықталды
© Global Look Press/Keystone Press Agency
190
оқылды
Қарағанды қаласында бір отбасында үш адамнан короновирус анықталды. Әке-шешесі және 6 айлық баласы  COVID-19 жұқтырған. – 17 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың үш жаңа жағдайы тіркелді. Ауырғандардың бірі – 6 айлық бала. Оның ата-анасы вирус жұқтырған, жұқпалы аурулар госпитальда жатыр. Бала провизор госпиталінде жатқызылған. Екінші науқас та Қарағанды тұрғыны. Ол 41 жаста. Бұрын вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған. Үшінші науқас Теміртау тұрғыны. Жасы 19-да, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бүгінгі күні Қарағанды облысында короновирус жұқтырғандар саны – 87, оның ішінде бір науқас қайтыс болды және төртеуі сауығып шықты. Тәулік бойы бақылауда 759 адам, үй карантинінде 2 268 адам, үй карантинінен шығарылғандар 403.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.