Отыз күн Оразаның берекесі қайырымды шаралармен еселене түсетіні анық. Осы орайда Тараз қаласындағы «Нұрислам» көтерме маркеті қайырымдылық шарасын қолға алып отыр.
Олар күніне мың бөлке нанды тегін таратады. «Осыған дейін басқа дүкендерге қарағанда біз нанды арзан саттық. Ал енді Рамазан айында бір ай бойы тұрақты тұтынушыларымызға, келушілерге, яғни бір адамға екі бөлке нанды тегін беруді жөн көрдік. Иә, алғашында тек жетім-жесірлерге, әлеуметтік қолдауды қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі жандарға береміз деп ойлағанбыз. Ақыры, ешкімді бөліп жармай келушілерге күніне мың бөлке нан таратуды дұрыс деп таптық», – дейді сауда үйінің басшысы Серік Қарымсақ.
Ерман ӘБДИЕВ,
Тараз қаласы