Елордадағы аурухана 12 күнде салынып бітті
Елордадағы аурухана 12 күнде салынып бітті
©Айтжан Мурзанов
419
оқылды
3 сәуірде Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салуды шешкен. [caption id="attachment_36621" align="alignnone" width="1024"]госпиталь © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Тіпті оның құрылысына тез тұрғызатын құрылыс материалдары қолданылатын болған.   width=Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын 200 орынды госпитальдің құрылысы Нұр-Сұлтандағы туберкулезге қарсы диспансер маңында 5 сәуірде басталды.   [caption id="attachment_36625" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] «BI Group» құрылыс компаниясы бұл нысанды 12 күнде бітіруді жоспарлаған. Ол мақсат та орындалды. 17 сәуір күні құрылыс аяқталды.  width= © Сурет Айтжан Мұрзанов – Белгіленген межені орындадық. Ендігі жұмыс дәрігерлерде. Ол жерге құрылғылар қойылып, тексеріліп, аурухананың әкімшілік жұмысы реттелуі тиіс, – дейді  баспасөз тобының басшысы Юрий Дорохов.   [caption id="attachment_36629" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Ғимарат негізі 25 сәуірде өткізіледі. [caption id="attachment_36630" align="alignnone" width="1024"]госпиталь © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Оның айтуынша, жазық далада қысқа мерзім ішінде емхана тұрғызу оңай емес. Бір қабатты аурухана 7006 шаршы метрді алып жатыр. Оның ішінде  интенсивті терапияға 20 орын бекітілген. [caption id="attachment_36632" align="alignnone" width="1024"]госпиталь © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Арнайы зертхана, компьютерлік томография, рентгендік кабинеттермен жасақталған. Ғимарат темірбетоннан соғылды. Темірбетон неміс технологиясы бойынша елордадағы Modex компаниясы дайындаған. [caption id="attachment_36633" align="alignnone" width="1024"]госпиталь © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұл дегеніміз – модуль қалыпқа құйылып, бірден құрылысқа жеткізіледі. Міне, сол жерден орнатып отырған. Ондағы есік-терезелер – герметикалық, ауа өткізбейді. Арнайы Беларусиядан жеткізілді. [caption id="attachment_36640" align="alignnone" width="1024"]госпиталь © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Әр палатаның өз әжетханасы бар. Ғимараттың ішін медициналық газ жүйесімен жабдықталып, әрқашан зарарсыздандыру режимі сақталады.     [caption id="attachment_36642" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Құрылыс дамылсыз тәулік бойы үш ауысыммен жүрген. Бір ауысымның өзінде 500-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Құрылысқа барлығы 1300-ге жуық адам және 100-дей техника атсалысуда. [caption id="attachment_36646" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] – Күні-түні жұмыс істеп жатырмыз. Ауысыммен істеуге де болады. Ақымыз күнбе күн жүріп жатқан соң, оған ауыспадым. Оның үстіне елімізге тез арада аурухана керек, – деген құрылысшы Авзор Жүнісов коронавирустың кесірінен үйде бос қалмай, құрылыста жүргеніне қуанышты. [caption id="attachment_36648" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] Пандемия өткеннен кейін де бұл аурухананы алдағы онжылдықтарда инфекциялы ауруларды емдейтін емхана ретінде пайдалана беруге болады екен.  width= – Басқа инфекциалы-жұқпалы ауруханалардан артықшылығы – оның желдету жүйесінің өзі микроағзаларды, әсіресе, вирус пен бактерияны 99,99 пайызға жояды. Арнайы ауаны сүзу құрылғысы медицина қызметкерлерінің ауруды жұқтыру ықтималдығын азайта түседі. Жалпы, ғимарат ДДҰ-ның белгілеген соңғы стандарттың бәрін ескердік Оның құрылысын ЕвроДДҰ-ның директоры Ханс Клюг қолдаған, – деді Юрий Дорохов.  width= Сонымен қатар «BI Group»  осындай жобаны Алматы мен Шымкентте де қолға алған. Олар да қысқа уақыт ішінде салынып бітуде.