Тележурналисті атып кетті
Тележурналисті атып кетті
272
оқылды

Өткен сенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулда белгілі тележурналист Мена Мангальді өлтіріп кеткен. Елдің Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, Мангальға таңертең базар маңында шабуыл жасалған.

Куәгерлердің айтуынша, оған мотоцикл мінген екі адам оқ жаудырған.

Мена Мангаль он жылдан астам уақыт жекеменшік телеарналарда бағдарлама жүргізушісі болып жұмыс істеген. Әлеуметтік желідегі парақшасында ауған әйелдерінің жұмыс істеуі мен білім алу құқы туралы мәселелерді көтерген, ол, сондай-ақ Ауғанстан парламентінде мәденит жөніндегі кеңесші қызметін де атқарған.  

Мена Мангаль жуырда ғана әлеужеліге өзін екі жыл бұрын еркінен тыс күйеуге бергенін, мамыр айында ажырасқанын, біраз күннен бері белгісіз біреулерлдің қорқытып-үркіткен хабарлама жіберіп жүргенін жазған екен. Ал журналистің туыстары қылмыскер марқұмның бұрынғы күйеуінің туыстары болуы мүмкін деп болжайды.