Бас жүлде – 1 миллион теңге
Бас жүлде – 1 миллион теңге
554
оқылды

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға БАҚ-та мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолдану аясын арттыру туралы материалдар жариялаған журналистер қатысады.

Конкурс төрт номинациядан тұрады: «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы».

Конкурстың бас жүлдесі – 1000000 (1 миллион) теңге. 1 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 500 000 теңге. 2 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 350000 теңге. 3 орын – (төрт номинация бойынша) әрқайсысына 150000 теңге.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы өтіп  https://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/obyavleniya/