«Цифрлы технология – цифрлы педагогиканы қажет етеді» – Knowledge Engineering компаниясының директоры Нартай Әшім
«Цифрлы технология – цифрлы педагогиканы қажет етеді» – Knowledge Engineering компаниясының директоры Нартай Әшім
728
оқылды
Қашықтан білім беру – күр­делі құрылым. Оны сәт­ті іске асыру үшін жоғары жыл­дамдығы бар ин­тер­нет қызметі сақадай-сай болуы керек. Сондай-ақ мұ­ғалім ара­да делдал болмай, өзін­дік кон­тентін жасай алса тіпті кере­мет. Көмекші құрал ре­тінде білім платформала­ры­ның да маңызы бар. Ор­та білім жүйесі қашықтан оқы­ту форматына көшкенде ал­ғашқылардың бірі болып кө­мек қолын соз­ған – bilimland.kz. Осы тұс­та жоба жетекшісі Нартай Әшімнен білім сала­сындағы заманауи стандарт­тар жайында сұрап білдік. – Нартай Қасымжанұлы, қы­сылтаяң кезде еліміздегі қашықтан білім беру саласында біраз ақау шықты. Мұның негізгі себебін атап бере аласыз ба? – Білім беру жүйесінің он­лайн­ға, тіпті басқа саланың цифр­лы технологияларды қол­да­нуға бірден кірісіп кетуіне бай­­ла­нысты ақаудың болуы – з­аңды. Оны ақау деп емес, дайын­дық­тың аздығы деп айтуға болады. Орта білім берудің ерекшелігі – үл­кен территорияны алып жатқан Қа­зақстанда 7 мың мектеп шалғай жер­де орналасқан. Жылдамдығы жоғары интернеттің әлі жетпе­генін ескерсек, цифрлы техно­логиямен жұмыс істеу кезінде біраз қиындық туары анық. Әрине, бүкіл білім беру жүйесі бірден цифрлы технологияға көшіп кетуі оңай емес. Екінші мәселе – адам капиталы. Адам капиталы ретінде мектептегі мұ­ғалімнің орта жасын қара­саңыздар, әдетте 40-тан жоғары 50-дің ішінде болады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, әрі оған цифрлы технологияны мектепте кең қолданылмайтынын қоссақ, қалыс қалғанымызды байқайсыз. – Карантин жариялан­бағанда онлайн білім беру саласы тағы 2-3 жыл кешігер ме еді? – Жалпы, онлайн білім бе­руде кешігу мен алға жылжудың өлшемі жоқ шығар. Дәл қазіргі өлшем – адамдардың жоғары жылдамдығы бар интернетпен қамтылуы. Екіншіден, интер­нетке кіретін құралының зама­науи болуы. Үшіншіден, олардың IT саладағы сауаты мен білігі. Сондықтан осы факторды ес­керсек, Қазақстанның өзге ел­­дерді қуып жету мүмкіндігі жо­ғары. Жалпы, технологияның ар­қасында шалғай территория­дағы адамдардың бір ортаға қосылып білім алуға, өзара қа­рым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік өте көп. Әсіресе, осы білім беру саласында. Сондықтан аталған мәселеге мән берген дұрыс. ХХІ ғасырда адамдарға ең қажетті дағдының бірі – қашықтықта отырып бір-бірімен тиімді жұмыс істеуі. Мұны коллаборативті дағды деп атайды. Ал коммуникативті дағды дегеніміз – қашықтан бір-бірімен қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу. Қазір ақпарат алмасу бетпе-бет әңгімелесіп, сұхбат алуға қарағанда күрделі формаға ауысты. Түрлі чат, канал мен әлеуметтік желі арқылы хат-хабар алмасады. Әр компания өзіне коммуникация жүйесін құрады. Сол сияқты әрбір адам өзіне ыңғайлы коммуникация жүйесін құруға талпынады. Ал коммуникация жүйесін басқа адамдармен бір форматта жасау маңызды. – Қазір Bilimland-тан бөлек, Daryn online бар. Бұдан басқа, қан­­дай платформаны қарауға кеңес бересіз? Отандық онлайн білім беру саласында компаниялар жеткілікті ме, олардың әлеуетін қалай бағалайсыз? – Bilimland.kz жобасына алғашқы күннен бастап қатысым болғандықтан, мен үшін ең маңызды жоба. Жобаның не­гізгі мақсаты – оқушылар мен мұ­ғалімдерге сапалы білімді қол­жетімді етіп жеткізу. Сонымен қатар әлемнің ең үздік мазмұнын қазақ, орыс және ағылшын ті­лінде қатар дайындау. Бұл жоба­ның ерекшелігі де сонда – ол жергілікті кішігірім жоба емес, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын қазақстандық жоба. Сонымен бірге интернетте цифр­лы гигиена деген ұғым бар. Білім беру саласына көлденең көк атты қосылмауы керек. Білім беру са­ласының талаптары өте жоғары болуы тиіс. Осы орайда, барлық тараптардың пікірі ескерілген өнім ғана мектеп бағдарламасына кіре алады. Әйтпесе, әр мұғалім YouTube-тан көңілі қалаған, бірақ сараптамадан өтпеген материалды ала берсе, мектептегі мазмұнның қалай өзгеретінін болжау мүмкін емес. Бірақ тек оқулықпен ғана сабақ жүргізу де ескі педагогика болар еді. Осындай фактор өте көп. Сондықтан өзіміздің ұлт­тық бағдарламаға сәйкес, бар­лық визуалды элементтері де ұлт­тық ерекшеліктерді еске­ретін, әлемдегі ең жоғары сапа қа­ғидаларын ескеретін өнім болуы тиіс. Bilimland.kz жоба­сынан басқа Қазақстанның ашық кітап­ханасы www.kitap.kz пен Қазақстанның ашық уни­верситеті www.openu.kz жобасын да ерекше атауға болар еді. Ал біз мұғалімнің біліктілігін арт­тыру сала­сында бірнеше жылдан бері www.academia.kz онлайн платформасын дамытып келе­міз. Серіктесіміз Назарбаев Зияткер­лік мектептері мен Microsoft ком­па­ниясымен бірлесе отырып, шалғай­дағы ұстаздар мен оқушыларға арнап кәсіби курс дайындаймыз. – Әлемдегі озық оқу орын­дарында онлайн білім беру сек­торын жеке индустрияға ай­налдырды, онлайн мамандыққа оқытады, диплом береді. Елдегі ЖОО-ларда бұл үрдіс неліктен кенже қалды? Әлде, олар Үкіметтің грантқа бөлетін қаражатынан қағыламыз деп қорқа ма? – Университет пен колледж­дерде цифрлы басқару жүйесінің кеңінен қолданылып жүргені рас. Жалпы, мұны цифрлы білім беру кеңістігі деп атайды. Яғни, карантин болғанда да, болмағанда да кез келген білім беру жүйесінің онлайн бөлімі болу керек. Себебі қазір білім беру жүйесі адамның өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде оқуына бағытталып жатыр. Белгілі бір кестеге, ұстаздың сабақ беретін уақытына тәуелді болмауы керек. Қажет болса, қайталап көруге мүмкіндігі болғаны жөн. Әркімнің оқу, үйрену дағ­дысы бар. Оған технология көмек­теседі. Асинхронды білім беру – өте маңызды форматтың бірі. Егер технологияға аналогия жа­сайтын болсақ, мектеп тақта­сын елестетіп көріңіз. Бұрын ол бормен жазатын тақта еді. Қазір оның орнын цифрлы тақ­та басқан. Бірақ мұғалімнің са­бақты өту процесі өзгерген жоқ. Жалпы, мектептегі қабырға, парта, қоңырау, кабинет алмасып жүріп оқу – индустриалды қо­ғам­ның ерекшелігі. Кейін мұ­ның бәрі дағдыға айналады. Мә­селен, бала өскесін зауыт не­месе фабрикаға жұмысқа тұ­рад­ы. Партаны станок сияқты, қоңы­рау­ды белгілі бір дыбыстың белгісі ретінде қабылдауы керек. Мұғалімнің оқушыға «таңертең 9-да видеоконференцияға қа­тысамыз» деуінің өзі – ескі пе­дагогикалық тәсіл. Сондықтан мұның бәрі ескірген. Жаңа цифрлы технологиялардың келуі жаңа ойлау жүйесін және жаңа педагогиканың қалыптасуына себепші болды. Біздің де заман көшіне ілесуіміз керек. Қазір онлайн білім беруді айтқанда, ең бірінші ойлайтынымыз балалар қалай оқиды? Түсінгенін қайдан білеміз? Ойын компьютердің арғы жағында отырған мұғаліміне жеткізе ала ма? Сол үшін мұны технологиялық сынақ емес, пси­хологиялық, педагогикалық даму өзгерісі деп қабылдаған абзал. Мектептің әкімшілік формасы мен дизайны, орналасқан жеріне дейін өзгеруі керек. – Күзде онлайн білім сала­сында бестселлер жазған Барбара Оаклей Қазақстанға келді. Оаклей насихаттайтын онлайн білім қазіргі бетпе-бет аудиториядағы классикалық білім беру моделін алдағы 10 жылда 40-50%-ға ал­мастыруы мүмкін бе? – Күзде Барбара Оаклей­дің курсын қазақ тілінде жария­лағанбыз. ХХІ ғасырда қажетті дағды – жылдам үйрену мен меңгеру. Мұғалім болсын, ата-ана болсын порталға кіріп, сабақты іздеп қарауды қиын деп санайды. Негізі, бұл болашақ ұрпақ ре­тін­де олардың балалары мен не­­мерелеріне қажет. Біз ұстаз әрі ата-ана ретінде мынаны түсінуіміз керек. Жылдам үйренудің тех­нологиялық алгоритмі бар. Сон­­дықтан біреудің дарыны бар үйреніп кетеді, екіншісінің дарыны жоқ үйрене алмайды деу – қате пікір. Егер қажет бол­са, кез келген адам дағдыны меңге­ріп кете алады. Жоғарыдағы курс­тың да маңызы осы. Бұл – алдағы уақытта нейробиология ғылымының ішіндегі жаңа ашыл­ған ғылыми жетістікті пайда­лана отырып, үйренуге арнал­ған курс. Бетпе-бет оқып, адаммен сөй­лесіп отыру – ескі педагогикалық технология. Курс күшті көмекші құрал болғанымен, негізгі проб­леманы шеше алмайды. Шешу үшін әдіс-тәсілді өзгерту керек. – Facebook парақшаңызда «білім саласына әлі де біраз қара­жат құю қажет екенін түсіндік» депсіз. Онлайн білім беру са­ласына қаражат құюға инвестор бар ма? Бұл өзін-өзі ақтайтын сала ма, әлде негізгі қаражат көзі сол баяғы республикалық бюджет бола ма? – Негізі, білім беру жүйе­сіне қосымша қаражат бөлу ке­рек. Себебі технологияны пай­далана білуге, адам капиталын арттыруға үлкен қаражат керек. Яғни, адамдардың біліктілігін арттырып, мүмкіндік беру маңызды. Мектепте цифрлы тех­нология үшін жауап беретін тұлғалар жан-жақты болғаны жөн. Оған осы саладағы ғылыми жетістіктер қазақ немесе орыс тілінде жетіп, түсіндіру жұмысын жүргізу қажет. Сонда оқушы да технологияны игеру тұрғысынан сауатты болады. Қазіргідей ұсақ-түйек шаруаларға бас қатырмай, негізгі зейінді білім беруге салар едік. Оқушыларға арналған маз­мұнның әрі қарай дами түсуінде қажеттілік бар. – Өзіңіз мұны отбасыңызда қолданасыз ба? Ұлдарыңыз онлайн білім ала ма? Біліктілікті қашықтан жетілдіресіз бе? – Жалпы, адам өзіне қа­жеттілік туғанда іске кіріседі. О баста жобаны бастағанда кейін балаларымның кәдесіне жа­райтынын түсіндім. Мектепте оқитын 2 балам Bilimland пор­талымен сабақ оқиды. Өйткені мұнда ағылшын тілінде де, қа­зақша да контент бар. Әлемнің ең үздік контентін қазақстандық контексте ала алады. Оған қоса, дәл қазір онлайн-мектеп жоба­сын бастадық. Астаналық ең үз­дік ұстаздар телесабақтар түсіре бас­тады. Бұл сабақтар Bilimland.kz порталында бірден жарияланып отыр. Әр видеосабақтың соңында интерактивті тапсырма бар. Біз үшін оқырманға түсінікті болуы маңызды. Мектепте түсінбей қалған тұсын портал арқылы қайталайды. Интерактивті жат­тығудың пайдасы практикалық есеп шығаруда, басқа тапсыр­ма­ларды шешкен кезде баланың дамуына көмектеседі. Балаға қажетті экожүйені қалыптастыру керек. Мектеп тапсырмасын ата-ана да, бала да түсінуі тиіс. Мүм­кіндігінше оның ресурс­ты барынша танып, қажетіне жара­туды үйренгені дұрыс. «Баланың көзі ауырады, шаршайды» де­генді бір сәт ойыңыздан шығары­ңыз. Бала көп кітап оқы­са да, көздің көру қабілеті нашарлай­ды. Есіңізде болсын, цифр­лы технология – қазіргі балалар­дың кеңістігі. Кеңістікте «өмір сүруді» үйрету – ата-анаға жүк­те­летін міндет. Смартфонды ойын ойнайтын құралы емес, білме­ге­нін үйрететін көмекші ретінде таныстыру керек. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Айзат АЙДАРҚЫЗЫ