Президент әкімшілігінің басшысы коронавирустан көз жұмды
Президент әкімшілігінің басшысы коронавирустан көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
350
оқылды
Нигерия президенті әкімшілігінің басшысы Маллам Абба Киари коронавирустан көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы оқиға туралы  президенттің баспасөз хатшысы Гарба Шеху Twitter-де хабарлады. «Президент әкімшілігі президент әкімшілігінің басшысы Маллам Абба Киаридің өмірден озғаны туралы өкінішпен хабарлайды. Оның COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіп, ем қабылдап жатқан. Бірақ ол жұма күні, 17 сәуірде қайтыс болды», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында. Соңғы мәліметтер бойынша, Нигерияда коронавирус жұқтырғандардың саны 493-ке жетті. 17 адам вирустан көз жұмды.