Балалар коронавирустан қалай қорғануы керек?
Балалар коронавирустан қалай қорғануы керек?
176
оқылды
  Қазіргі күрделі жағдай адамзатқа оңай тиіп жатқан жоқ. Балалар да мұны алаңдаушылықпен қабылдап отыр. Осы орайда балаларға коронавирустан қалай қорғану керегі баяндалған кітап жарық көрді. Ол «Сен – менің батырымсың» деп аталады. Жоба ұйымдастырушылары дүниежүзіндегі  1 700-ден астам баладан, олардың ата-аналарынан, тәрбиешілері мен мұғалімдерінен COVID-19 пандемиясы аясында қалай өмір сүріп жатқаны туралы сұрап білген. Осы сауалнама нәтижесінде 17 тілге аударылған кітап жарық көрді. Арио деген ғажайып кейіпкер кітап оқырмандарына бала өзін, отбасын және достарын коронавирустан қалай қорғай алатынын және осы өзгерген ортада туындаған абыржу мен уайымды қалай жеңуге болатыны туралы айтып, түсіндіреді. –Дүниежүзіндегі балалардың өмірі бір сәтте өзгеріп кетті. Өйткені олардың көпшілігі адамдардың жүріп-тұруын шектейтін, сондай-ақ үйден шықпау режимін енгізген елдерде тұрады. Бұл керемет кітап балалардың жаңа жағдайды түсінуіне және оны қабылдауына, жаңа ережелерді мойындап, батыр болуына көмектеседі – дейді БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Генриетта Фор.