Зейнетақы жинақтарындағы ақшаның неге «азайғанын» түсіндірді  
Зейнетақы жинақтарындағы ақшаның неге «азайғанын» түсіндірді   
375
оқылды
  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшылардың жинақ шотындағы қаражаттың «азаюына» қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.   БЖЗҚ-ның Instagram-дағы ресми парақшасында зейнетақы жинақтары дегеніміз  жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы екені және жарналар ешқашан азаймайтыны, олардың сақталуына мемлекет кепілдік беретіні жазылған. «Зейнетақы жинақтары бағалы қағаздар, шетелдік валюталар секілді әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғаюы, азаюы мүмкін. Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болса – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады», – деді зейнетақы қорынан. Бұл жерде инвестициялау табыстылығын бірнеше күн емес, бір жыл, ұзағырақ уақыт үшін қарау керек. Жыл басынан бергі инвестициялық қызмет нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл - жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12%-ға жуық мөлшерге артық. «Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі», – деп мәлімдеді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.