107 жастағы әже коронавирустан жазылып шықты
107 жастағы әже коронавирустан жазылып шықты
Фото: Интернеттен алынды
353
оқылды
Түркияның 107 жастағы тұрғыны Хавахан Карадениз СOVID-19 коронавирусынан айыққан әлемдегі ең қарт әйелдердің бірі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Карадениз мықты иммундық жүйесінің арқасында СOVID-19-дан бір аптаның ішінде емделіп шықты. Әжейді Стамбұл ғылыми-зерттеу клиникасына 7 сәуірде орналастырған. Ол қатты жөтеліп, дене қызуы көтерілген. 107 жастағы тұрғынға коронавирус бойынша жасалған тест оң нәтиже көрсетіп, бір аптадан кейін ауруханадан емделіп шықты. Қазір ол үйінде, 14 күндік карантинде жатыр. Аурухана қызметкерлері оның қауіпті індетті тез жеңіп шыққанына таңғалған. Дәрігерлердің пікірінше, әжейдің иммундық жүйесі мықты. Карадениз Малатье провинциясында Потюрге ауданында туған. 8 жасында отбасымен бірге Стамбұлға көшіп келген. Оның жұбайы 1982 жылы қайтыс болған. Карадениздің төрт баласы, 11 немересі және 15 шөбересі бар. Кейуана өз жасына қарамастан, күн сайын таңертең ерте тұрып, намаз оқиды. Ол тамақтануға аса мән беріп, таңғы асқа сары май, қаймақ, бал, сүт пайдаланады. Әжейдің холестерин және қант деңгейі қалыпты нормада, ол тәттілер мен жемістерді жақсы көреді. Оған ешқашан ота жасалмаған және есте сақтау қабілеті жақсы.