Трамп: Қытай коронавирустың таралуына әдейі жол берсе, бұл үшін жауап беруі тиіс
Трамп: Қытай коронавирустың таралуына әдейі жол берсе, бұл үшін жауап беруі тиіс
369
оқылды
Егер Қытай коронавирустың таралуына әдейі жол берген болса, жауапкершілікке тартылуы керек. АҚШ Президенті Дональд Трамп жұқпалы індеттің әлемге жайылуына байланысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі Вашингтон коронавирус қолдан жасалған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Осыған байланысты америкалық кеселдің шығуын жан жақты тексеруде. Мамандар вирус табиғи жолмен таралды ма жоқ әлде қасақана ұйымдастырлған әрекет пе соны анықтамақ. Бұл үшін Қытай билігі шетелдік мамандарды Ухань қаласындағы зертханаларды тексеруге жіберуі қажет, -дейді Ақ үй басшысы. – Біздің Қытаймен арадағы қарым-қатынасымыз індет таралғанға дейін жақсы болды. Екі мемлекет арасында сауда келісіміне қол қойылды. Алайда коронавирустан бастап жағдай өзгерді. Себебі бұл әдейі жасалған қастық па, әлде кездейсоқ жіберілген қателік пе? Соны әбден анықтау керек. Әрине әлгі екі болжам арасында үлкен айырмашылық бар. Егер індеттің таралуына саналы түрде жол берілсе, онда олар бұл үшін жауап беруі тиіс, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп. Ал АҚШ-та өткен күні індеттен 4 мыңға жуық адам көз жұмып, дерттен қайтыс болғандардың саны 37 мыңнан асты. Науқастардың қарасы 732 мыңға жуықтады. Бірақ осыған қарамастан, кейбір штаттарда тұрғындар биліктен карантин режимін алып тастауды сұрап, наразылық шерулерін өткізуде. Шараға қатысушылардың айтуынша, шектеулер ел экономиасын тұралатып, адамдардың өміріне кері әсері ұлғайған.