Вице-министр 42 500 теңге неге кешіктіріліп төленіп жатқанын айтты
Вице-министр 42 500 теңге неге кешіктіріліп төленіп жатқанын айтты
© сурет интернеттен алынды
5,371
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты ең жиі қойылатын үш сұраққа жауап берді. «Біз ақшаны 1 жұмыс күні ішінде аударсақ та, ол төлемді алушының шотына ұзақ түспей жатқанынан қатысты шағымдар түсуде. Кейбір адам үш күнде түскенін айтса, кейбірі одан да ұзаққа созылатынын айтуда. Қазір бұл мәселені банктермен талқылап жатырмыз. Оның қаншалықты өзекті екенін білу үшін Телеграм-каналда (t.me/nmukushev) арнайы сауалнама жүргізілуде. Соған өтіп, жауап қалдыруыңызды сұраймын», - деп жазды Нариман Мұқышев Facebook-тегі парақшасында. Екіншіден, әлеуметтік төлемнің берілмейтіні туралы жауап алған азаматтар 42500.enbek.kz сайтында өз өтінімдерінің мәртебесін тексеруі қажеттігі айтылды. «Себебі, мәселен БЖТ-ның жоқ болуына байланысты төлемнің берілмейтіні туралы жауап келсе біз өтінімді қайта жіберетінбіз. Аударылатын БЖТ 1-3 күнде түседі. БЖТ түскеннен кейін шынында да әлеуметтік төлемдер кейін түсіп жатқанын анықтадық», - дейді ол. Үшіншіден, Нариман Мұқышевтің айтуынша, 42 500 теңгеге қатысты сұрақтар жеке парақшасына да, комментарий ретінде де көп түседі. «Өкінішке қарай бәріне бірдей жауап бере алмай жатамын. Сонымен қатар адамдар бұл сұраққа жауап алу үшін кімге жүгінуге болатынын сұрайды. Ол үшін алдымен 42500.enbek.kz ақпарат көзіндегі өтінім мәртебесін тексеріп алуды сұраймын. Болмаса 42500@enbek.kz немесе 42500@gfss.kz электронды поштасына хат жолдауға болады. Түсіндіру жұмыстарына Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мен «ЕРДО» АҚ мамандары тартылған. Өтінімнің көптігіне байланысты 2-3 күнде мәселені шешіп беруге тырысамыз. Ал егер мәртебені тексергеннен кейін сұрақ әлі де туындаса 1411 нөміріне хабарласуға болады. Күніне колл орталыққа жарты миллионға жуық қоңырау келіп түседі. Егер қоңырау шалып, байланысқа шыға алмасаңыз операторлар басқа азаматтардың сұрағына жауап беріп жатыр деген сөз. Қажетті ақпараттың бәрін https://www.enbek.kz/ru/info/mzp ақпарат көзінен білуге болады», - дейді Нариман Мұқышев.