Мейірім
Мейірім
588
оқылды
Жамбыл облысы дәрігер

Мінәжат

Тұра берсін жерім аман, тауым да аман;

Аман жүрсін досым да, жауым да аман;

Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,

Қиналғанын сезіну – ауыр маған...

дәрігер

Көңілім бар ешкімге тарылмаған,

Аман болсын жат адам, бауыр да аман,

Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,

жұлдыз ағып құласа – ауыр маған...

дәрігер Шымкент қаласы дәрігер

Шаршасам да қуатты дауылдардан,

Жауындардан беймезгіл сауылдаған.

Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,

Жаутаңдаса жанары – ауыр маған...

дәрігер

Далам да аман тұрса екен, бауым да аман,

Қалам да аман тұрса екен, ауыл да аман.

Бір адамның өлгенін естіп қалу –

Өзім өліп қалғаннан ауыр маған.

дәрігер

Қарағанды облысы дәрігер   дәрігер Түркістан облысы  width=

Өткереді не зұлмат, құйынды адам,

Елім аман болсыншы, үйім де аман.

Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай,

Сол болсыншы беретін сыйың маған!

 

Aвторы Ақберен Елгезек

 width= Алматы қаласы дәрігер    width= Нұр-Сұлтан қаласы  width= «Дәрігердің мамандығы — бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек» депті Антон Чехов.  Шынымен де дәрігер үшін  зардап шеккен адам,  кім болса да — дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін арашалап алып қалуға тырысады. Өзгені құтқару үшін барын салады, жанын береді.  Сондықтан бүгінгі күннің батырларын ел-жұрт болып құрметтейік, қадірлейік!!!