Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтініш қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі биыл 18 сәуірінде бекітілді.
Бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтініштерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халыққа хабарлайды.
Мүмкіндігінше 15 мыңда төлеу қысқа мерзім ішінде іске асады. Сондықтан өтініш беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет. Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.
Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсынуы керек.