Дәрігер көшеден коронавирусты әкелмеудің жолын айтты
Дәрігер көшеден коронавирусты әкелмеудің жолын айтты
© REUTERS
446
оқылды
Көшеден келген соң гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаған адамда вирус жұқтыру қаупі азаяды. Бұл туралы ресейлік дәрігер Надежда Фомина Mosregtoday.ru басылымына берген сұхбатында айтты. Дәрігердің айтуынша, үйге кірген бетте хлор құйылған шүберекпен аяқкиімді қолдың көмегінсіз сүртіп шығу керек.
Ол шүберекті қайта-қайта жуудың қажеті жоқ дейді. Тек оның ылғалын сақтап отырған жөн. Хлордың орнына, дәрігердің айтуынша, белизна қолдануға болады.
"Қолданылған медициналық маскаларды бөлек бір пакетке салып қою керек. Ал масканы бірнеше рет пайдалануға болатын жағдайда, оны ыстық сумен жуып, артынша үтіктеп қою қажет. Сырт киімді де бөлек жерге іліп қою қажет. Бірнеше сағатқа балконға қойып қоюға болады", - деп кеңес берді дәрігер.
Оны кейін дезинфекциялау қиындау болады дейді. Дәрігердің айтуынша, телефон, банк картасын және кілттерді үнемі сүртіп тұрған жөн.