Қазақстандық жастар Африкадағы 250 адамға ауызашар берді
Қазақстандық жастар Африкадағы 250 адамға ауызашар берді
366
оқылды

Қазақстандық бір топ жас Африка елінде тұратын мұсылман жұртшылығына ауызашар асын берді. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Ұйымдастырушылар Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор құрып, оған Алматы мен Ақтөбе облысындағы 50-ге жуық жас ақша аударған. Дастарқан 250 адамға жайылған.

Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауызын қара сумен ашатынын естігенде, ас бермекші болдық. Олардың күнкөріс деңгейі өте төмен. Осыған қарап, шүкіршілік етсек деген ой болды.Ол жақта ауызашарда бір адамды тамақтандыруға 1 доллар, яғни 380 теңге шамасында жұмсалады екен. Қазақстанда бұл баға бір адамға – 600-1500 теңге. Оның үстіне елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады, – деді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Мизамов.

Оның айтуынша, алдағы күндері еліміздің жастары Мысырда білім алып жатқан 80-ге жуық қазақстандық студентке ауызашар беру жоспарланған.