Анталияда шахматтан өткен жарыста алматылық оқушы әлем чемпионы болды.
Сайыс оқушылар арасында сәуір айының 17-сінен 27-сі аралығында өткен. Жарысқа әлемнің 33 елінен 392 адам қатысқан. Соның ішінен Елназ Қалиахмет жеңіске жетті. Ол 9 жасқа дейінгі санат бойынша 24 оқушының арасынан озып шыққан.
Сонымен қатар, қазақстандық құрама жалпы есеп жағынан 3 алтын, 2 күміс, 3 қола алып, жеңімпаз болған.
Бүгінде Елназ 8-10 жас аралығындағы қыздар арасында классикалық шахматтан Қазақстанның екідүркін чемпионы және бірқатар жарыстардың жүлдегері.