Сайлауалды штаб жиыны өтті
Сайлауалды штаб жиыны өтті
698
оқылды

Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласында «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы үгіт топтарының облыстық штабтары кеңейтілген отырысын өткізді. Видеоконференция арқылы өткен басқосуға республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоныров төрағалық етті.

Қатысушылар үгіт-насихат жұмысы мен қолданыстағы заңнамаларды сақтауға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады. Үміткердің аймақтардағы сайлаушылармен кездесулері туралы қысқаша баяндалып, қатардағы аза­маттар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатқаны аталып өтілді.

Республикалық штаб жетекшісі А.Қоңыров ағымдағы жағдай мен штаб жұмысы жайлы айтып берді. Ол барлық іс-шаралар белгіленген уақытында және жоспарға сай өткізіліп жат­қанын жеткізді. БАҚ-қа үміткерді қолдау мақ­сатында жарнама берілді, сайлауалды бил­бордтар ілінген, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар қалалық және облыстық комитеттердің бірінші хатшыларының аралық есептері тыңдалды.

Кездесу соңында спикерлер штаб қызмет­керлеріне алғыс білдіріп, алда әлі де жемісті еңбек атқару керегін айтты.

ҚР президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков ЕҚЫҰ Демократиялық инсти­туттар мен адам құқықтары бюросының Қа­зақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылаушылар тобының басшысы Урсула Гацек және саяси сұрақтар бойынша маман Зарона Исмаиловамен кездесті. Тараптар рес­публикалық, өңірлік сайлауалды штабтардың қызметі, үміткердің мүмкіндігі, әділетті сайлау, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жайлы пікір алмасып, ой бөлісті.

 

Айдана БЕГІМ