Жастардың қайырымды ісі
Жастардың қайырымды ісі
345
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамасымен қолға алынған #BizBirgemiz республикалық акциясы нақ қызған шағында. Павлодарлықтар да б­ұл акцияға белсенді түрде атсалысып, өз үлесін қосып жатыр. Қазіргі кезде өңір жастарынан құрылған еріктілер жасағы, фи­лиал жұмыскерлері Еуропа ел­дерінің тәжірибесіне сүйеніп, қайырымдылық шарасын байла­ныссыз таратуды бастады. Олар іс-шара барысында азық-түлік кәрзеңкесі мен бетпердені жедел әрі ұйымдасқан түрде есіктен-есікке жеткізуде. Әлеуметтік көмекке Павлодар қаласының тұрғыны, зейнеткер Марғуаш Әбдіғалимова да ие болды. 5 баланың анасы бүгінде отбасындағы мүмкіндігі шектеулі 3 адамға қамқорлық танытып отыр. Ол сөз арасында елімізде жасалып жатқан қайырымды іс-шарадан хабардар екенін айтты. – Теледидардан жаңалықтарды үзбей көремін. Соның арқасында барлық ақпараттан хабардар бо­лып отырамын. Ауру балаларым бар, сон­дықтан далаға көп шыға алмай­мын. Карантин ке­зінде осынау акцияны қолға алып, қайырым­ды­лық ша­расына ұйытқы болып жүрген партиялықтарға ризамын. Халыққа үнемі қолдау білдіреді. Ерікті жастарға да тәнтімін. Еңбек­теріне жеміс тілеймін, – деп риза­шы­­лығын білдірді ақжаулықты ана. Айта кетейік, қайырымдылық науқаны 20 наурызда басталған болатын. Осы уақыт аралығында бар­лығы 4 576 адамға қолдау көр­сетілген.  

А.ЖАСАНҰЛЫ