Партияға қабылдады

Партияға қабылдады

Nur Otan партиясының Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық филиалында партияға қабылдау шарасы өтті. Шара барысында Nur Otan партиясы әл-Фараби аудандық филиалының бірінші орынбасары Данияр Тілеубергенов 9 азаматқа партиялық билет табыстады.

Партиялық билет алған азаматтар қа­тарында №14 орта мектебінің мұғалімдері Насиба Хасанова, Хуршида Рашидова, Азиза Кадырова, Азада Ирискулова, Ибро­химали Юнусов, Жанболат Кененбаев бар. Одан бөлек, «Стандарт цемент» зауы­тының заңгері Байкен Қалмырзаев, «Зиякон-Ана» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Эльмира Тезекбаева, Шым­кент қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдіскері Салтанат Өтемісова да партия мүшелігіне қабылданды.

– Nur Otan партиясының беделін арт­тыру мақсатында ауқымды істер қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Көмек сұрай келген халықтың мұң-мұқтажына ерекше назар аударып, мәселесін бірінші кезекте шешуге тырысамыз. Партия жұмысының басты бағыты осы десек те болады. Партия мүшелігіне қабылданған адамдардың барлығы – әр саланың үздіктері. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенемін. Баршаңызды құттықтаймын!», – деді Nur Otan партиясы әл-Фараби аудандық филиалының бірінші орынбасары Данияр Тілеубергенов.

Партия мүшелігіне қабылданған №14 орта мектебінің мұғалімі Азиза Кадырова бұл жауапкершіліктің маңызына тоқталды.

– Партияға қабылданғаныма өте қуаныштымын! Nur Otan партиясына өтіп, пар­тия билетін алдым. Еліміздің ең беделді, жетекші саяси партиясының қатарында болу – үлкен мәртебе. Партияның мүшесі ретінде елімізді қуатты мемлекеттер қатарына қосуға әрқашан атсалысамын, – деді.

Nur Otan партиясының Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық филиалы қатарында 11 бастауыш ұйымға топтасқан 6 049 адам бар.


Кәусар АХМЕТ