АҚШ елге кіруге уақытша тыйым салды
АҚШ елге кіруге уақытша тыйым салды
© сурет интернеттен алынды
5,338
оқылды
АҚШ-қа  60 күнге иммиграцияны тоқтата тұру туралы президент жарлығына бүгін қол қойылады, деп хабарлайды Euronews. Бұл туралы брифингте Дональд Трамптың өзі мәлімдеді, ол бұл қадамның себептерін де түсіндірді.
«Миллиондаған америкалықтар эпидемияға байланысты жұмысынан айрылды, отандастарының өмірін сақтау үшін өздерінің әл-ауқатын құрбан етті. Біз оларға қарыздармыз, олар жұмысқа шығып, қалыпты өмірге оралуы керек», - деді ол.
Иммигранттардың жекелеген санаттары үшін жеңілдік жасалатыны белгілі, маусымдық жұмысшыларға, дәрігерлер мен IT бағдарламашыларға тыйым әсер етпейді, деп хабарлайды The Assosiated Press Трамптың жақын адамдарына сілтеме жасап. Сондай ақ, Конгресстің жоғарғы палатасы екінші көмек пакетін мақұлдады - оған шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау, сонымен қатар жарты триллион доллар бөлетін денсаулық сақтау жүйесіне қосымша субвенциялар кіреді. Құрама Штаттарда 823  мыңнан астам науқас тіркелген. Індеттен 45 мыңға жуық америкалық қайтыс болды. Дәрігерлер эпидемияның бәсеңдеуі карантиндік шаралардың арқасында мүмкін болды деп санайды, бірақ Джонс Хопкинс университеті ұсынған деректерге қарамастан, кейбір штаттарда оқшаулауға қарсы демонстрациялар ұйымдастырылып, қатысушылар бұрынғы өміріне оралуды талап етуде.