[caption id="attachment_38051" align="alignleft" width="521"] © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ұрыстың шешуші кезеңінде де Құрманбай Құрманғазиев орнынан тайған емес. Мәселен, Рад қаласын басып алудағы шайқасты еске алса болады. Қарсылас бүкіл қалған күшін осы жерге шоғырландырды. Олардың басты мақсаты – біздің бөлімшелерді алға бір қадам жылжытпау. Тіптен басып кірген жерінен тайдыру еді. Сол кезде ол жаудың күшті қарсылығына назар аудармай, әскер үшін, отан үшін жанқиярлық танытты. Жаяу әскер құрамасының алдына түсіп, жаудың оң жақ қатпалынан жылдам жетіп алған. Пулеметін орната салып, арадағы қашықтықты жақындату үшін қолайлы сәтті күтті. Соңында бір өзі немістің 47 сарбазы мен офицерін жойып салды. Осылайша, Рад қаласын басып алуға ықпал тигізген еді.Ол 1945 жылдың 14 қаңтарында қаймықпастан жаяу әскер құрамының алғы шебіне шыққан. Өз пулеметімен жауға оқ жаудыра отырып, арттағы жаяу әсерге жол ашып отырды. Сол шайқаста ол бір өзі 35 неміс солдаты мен офицерін жойды. Қарсыласты қуғындау кезде де Құрманбай әрдайым алдыңғы қатардан табылатын. Алдына түскен жауды түбімен жойып салатын. Сөйтіп, біздің бөлімшелеріміздің алға тез жылжуына бірден бір үлес қосқан жан.