"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
© DAZN©
391
оқылды
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com. 18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады.
"Меніңше, 36 жас - карьераны аяқтайтын жақсы мерзім. Көп болса, 37 жас. Тәртіп, еңбекқорлық және бар күшімді салуым жоғалған жоқ. Уақыт өте жалғыз өзгергені - менің жетістіктерім. Қазір боксқа жаңа келген кезімдегідей әлі де күн сайын жаттығамын.
Бокс - бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. "Зейнетте" не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын", - деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында. Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жыл ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем  чемпионы болды.