Ақжолдықтар Ақтауға барды
Ақжолдықтар Ақтауға барды
5,379
оқылды

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы сайлау науқаны аясында Маңғыстау облысына келді. Партия төрағасы Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қошқар ата бейітіне барып, Танаш Меңдібайұлының әруағына құран бағыштады. Содан соң штаб басшылары Маңғыстау өңіріндегі «Қазақ – Бекіре» ЖШС ұжымымен кездесті.

ҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросынан келген кезектен тыс Перезиденттік сай­лауды бақылаушы Александр Бедрицкий және Шила Джагабпен сұхбаттасты.

Holiday Inn Aktau қонақүйінің мә­жіліс залында «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының ұйым­дас­тыруымен, штаб басшылары Маңғыстау халқымен кездесті. Кездесуге, партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуа­шев, партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау об­лыстық филиалының төрағасы Жаң­бырбай Матаев, филиалдың Кеңес мүшелері, өңірдің жас кәсіп­керлері, «Ақ жол – жастар» жастар қанатының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлы партияның бағыт-бағ­дарын, президеттікке үміткер Дания Мәдиқызының сайлауалды бағдар­ламасының мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ кездесуге жиналғандар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Шара соңында күйші Набияр Алтаев күмбірлете күй төксе, «Ақ жол – жастар» жастар қанатының мүшесі Еркебұлан Қуанғали халық термесін орындады. Сонымен қатар штаб басшылары Маң­ғыстау облысындағы Ақтау тарнсфор­матор зауытының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

 

Айдана БЕГІМ