Үміткер ұстанымын түсіндірді
Үміткер ұстанымын түсіндірді
401
оқылды

Қазақстан Республикасы президентіне кандидат Әміржан Қосанов халықпен кездесулерін жалғастырып жатыр. Кеше ол елорданың проблемалы тұрғын үйлерінің үлескерлерімен кездесті. Тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, мүмкін шешімдерді ұсынды.

Ал Маңғыстау облысында үміткер Әмір­жан Қосановты қолдауға арналған басқосу өтті. Ақтау қаласындағы Жастар үйінің конференц-залында кандидаттың облыстық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері ел алдында сөз сөйлеп, оның сайлауалды платформасын таныс­тырды.

Кездесуге 30-ға жуық адам қатысты. Оған кандидаттың облыстық сайлау штабының жетекшісі Естай Шолаев модераторлық етті. Іс-шара барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, белсенді жастар, қоғам қайраткерлері мен қарапайым тұр­ғындар өз пікірлерін ортаға салды.

Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы мүшелері елордада да науқандық іс-шара­ларын қызу жүргізіп жатыр. Канди­дат­тың сай­­лауалды штабының сенімді өкілдері бел­сенді жастармен бірге Нұр-Сұлтан қаласының «Артем», «Шапағат», «Тұлпар» жабық ба­зар­ларында үгіт-насихат жұмыс­тарына кірісті. Акция шеңберінде сайлаушы­лармен сұхбат жүргізіп, науқандық парақ­шалар таратылып, кандидат позициясының бағыттары түсін­ді­ріл­ді. Іс-шара 200-ге жуық адамды қамтыды.

 

Айдана БЕГІМ