Еңбек адамын қолдайды
Еңбек адамын қолдайды
5,372
оқылды

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясынан Қазақстан президенттігіне үміткер А.Таспи­ховтің сенімді өкілдері Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық білім беру бөлімінде дөңгелек үстел өткізді.

Облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі М.Даупаев сайлау науқанына қатысты үгіт-насихат жұмыстарына тоқталып, Кәсіподақтар атынан ұсынылған А.Таспиховтің сайлауалды тұғырна­масын таныстырды. Тұғырнаманың басты мақсаты – еңбек адамына жан-жақты қолдау көрсету, олардың құ­қықтары мен мүдделерін қорғау екенін тоқталды. Өңірлік штаб өкілдері Сырым ауданының білім саласының кәсіподақ мүшелерін сайлауға белсенді қатысып, үміткерді қолдауға шақырды.

Кандидат А.Таспиховтің Жамбыл облысындағы штабының мүшелері, сенімді өкілдері А.Наурызбаев пен С.Еламанов «Жамбыл электр желілері» ЖШС ұжымымен кездесті. Сенімді өкіл­дер құрамында 2 мыңдай кәсіподақ мүшесі бар «Жамбыл электр желілері» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйы­мы­ның ұжымына Қазақстан пре­зи­дент­тігіне кандидат А.Таспиховтің сай­лауалды бағдарламасын таныс­тырды.

Сайлауалды бағдарламадағы жұ­мыс­шылардың еңбек құқын қор­ғайтын, лайықты жалақы төлеу, әсі­ресе, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мәселелері өндіріс жұмысшыларының көңілінен шығып, лайықты қолдауға ие болды.

Үлкен ұжымның кәсіподақ белсен­ділерімен өткен жиында Қа­зақстан Кәсіподақтары федерация­сының жаңашыл бағыттары мен атқарылып жатқан іс-шаралары жайлы пікір алысып, ұжым жұмысшыларын алдағы сайлауға түгел қатысуға шақырды.


Айдана БЕГІМ