Сыра үшін әйелімен жарысатындар шыққан
Сыра үшін әйелімен жарысатындар шыққан
©Сурет интернеттен алынады.
376
оқылды
Спорттың қай түрі болмасын, бәрі – әлемнің назарында. Оның бірі – ежелден келе жатса, енді бірі – өркениеттің дамуымен келді. Соның арасында ел-жұрттың біле бермейтін де спорт түрлері бар. Оны естіген жан таң қалуы да мүмкін. Бірақ қатысушылар оны елеп-ескермейді. Алайда сол сайысқа жанын беріп дайындалатындар жоқ емес. Себебі, олар ел арасында танылып, қанжығасына ірі ұтыстарды байлайтыны тағы бар.  [caption id="attachment_39212" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Біріншісі – төсек жарысы. Бұл сайыс – 60-шы жылдары америкалық әскерилердің арасында пайда болған. Ережесінің қарапайымдығы мен ойынның қаталдығы сарбаздарды елітіп әкеткен. Содан болар бұл ойын бүгінге дейін сақталған. Айырмашылығы - қазір сайысты суда емес, жол бойында өткізеді. [caption id="attachment_39213" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынады.[/caption] Ойынның ережесі бойынша төсек суға қойылып, оның үстіне бір адам жатқызылады. Ал қалған төртеуі оны итеріп жарысады. Мәреге қайсысы бірінші жетеді, жеңіс – сонікі. [caption id="attachment_39214" align="alignleft" width="551"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жер құртын жинау – ойыны алғашында Британияның Чешир графтығында дүниеге келген. Оны нақты кім ойлап тапқаны белгісіз. Ел арасында танылғаны сонша, бұл ойын бүгінгі күнге жетті. Мәртебесінің өскені соншалық, қазір осы сайыстан жыл сайын әлем чемпионаты өтуде. Ережеге сәйкес, әрбір қатысушыға 3х3 текше метр жер беріледі. Сол жерден жарты сағаттың ішінде құртты жинап алуы керек. [caption id="attachment_39215" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жерқұртын жерден қазып, қолмен тырмалап емес, жанарымен елітіп алуы тиіс. Қазір ережесі толығымен сақталды деуге қиын. Кімде құрт көп жиналады, сол жеңімпаз. Жеңімпазға арнайы сыйақысы да беріледі. [caption id="attachment_39218" align="alignnone" width="764"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жыл сайын Еуропада таяқты суға лақтырудан әлем чемпионаты өтеді. Қатысушылар көпірдің бір жағына тұрып, спорттық жабдықтарын суға бәрі бір сәтте лақтырады.  Арғы беттен бірінші шыққан таяқтың иесі -  жеңімпаз. "Атына заты сай" демекші, бұл ойын «Түкке тұрғысыз» деп аталады. [caption id="attachment_39219" align="alignnone" width="712"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Экстримді үтіктеу. Бұл дегеніміз – қиын жағдайда киім үтіктеу. Мәселен, қатысушылар таудың басында немесе парашютпен секіргенде киімді үтіктеуі керек. Сайыстың шарты бойынша үтік пен үтіктеу тақтасын әр қатысушы өзімен бірге алып шығады. [caption id="attachment_39221" align="alignright" width="587"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал «орамалмен ұру» ойнына екі топ қатысады. Бір топтың өкілі ортаға шығады. Оны екінші топтың қатысушылары қол ұстасып қоршап алады. Артынан әндетіп оны айнала бастайды. Сол кезде ортадағы адам сыраға малынған орамалмен қарсылассын ұра бастайды. Орамалды бірде-бір адамға тигізе алмаса, оған айыппұл салынады. Талабы бойынша, ол бір шөлмек сыраны ішіп тауысуы керек. Ойын негізі төрт кезеңнен тұрады. Бірақ көбіне адам мас болғанға дейін ойнатылады. [caption id="attachment_39225" align="alignnone" width="739"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Ер адамдар әйелдерімен бірлесе жарысады.  Ерлі-зайыптылар сайыста қол ұстаспайды. Келіншек күйеуінің иығына отырады да, басын төменге салбыратады. [caption id="attachment_39227" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Осы күйде күйеуі алдындағы кедергілерден өтеді. Барлық кедергіден өткен жеңімпазға салмағының мөлшеріне тең келетін сыра беріледі. [caption id="attachment_39232" align="alignnone" width="731"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 50 метрлікке жүгіру – жарысы. Сайысқа тек қыздар қатысады. Онда да биік өкшелі ақкиіммен, оның биіктігі 9 см кем болмауы тиіс. [caption id="attachment_39230" align="alignnone" width="1024"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption]