Штаб мүшелері – Маңғыстауда
Штаб мүшелері – Маңғыстауда
476
оқылды

Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Маңғыстау облысының активімен, «Құрық» паром кешенінің жұмысшыларымен және өңірдегі басқа да бірқатар кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ олар аймақтағы бизнес қауымдастық пен ҮЕҰ өкілдерімен және бірқатар аудандардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде Қ.Тоқаевтың жақ­тастары кандидаттың инфрақұрылымды дамыту саласындағы басымдықтары туралы айтты. Сайлауалды бағдарламада Транскаспий дәлізі арқылы контейнерлер тасымалдау жүйесін ары қарай дамыту, автомобиль жолдарының сапасын айтарлықтай арттыру және «үйге дейін жол» қағидасын жүзеге асыру тетіктері қарастырылған. Бұл басымдықтардың бәрі Елбасының еліміз бойынша инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларының лайықты жалғасы болары анық.

– Өңірлерді дамыту бойынша Елбасы саясатын ары қарай жүзеге асыру біздің кандидаттың маңызды бағыты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі бағдарламалардың жүзеге асырылуын сақтап, барлық санат­тағы азаматтарға қолдау көрсетуге жағдай жасауды көздеп отыр, – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Сонымен қатар Республикалық штаб­тың мүшелері Жаңаөзен қаласының тұр­ғын­дарымен кездесті. Мұнда халық­тың әл-ауқатын арттыру және барлық әлеумет­тік міндеттемелерді сақтау үшін қажетті шара­ларды қолға алу мәселелері сөз болды.

– Қоғамдық-саяси келісім мен әлеу­меттік-экономикалық даму міндеттерін орындау үшін Елбасымыз алдымызға нақ­ты мақсаттар қойып отыр. Сабақтас­тық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президентіміздің әлеумет­тік бағ­дарламалары мен стратегияларын тиімді әрі нәтижелі жүзеге асыру жұмыс­тарын жал­ғас­тыруымыз керек, – деді Nur Otan пар­тиясының ардагері Зейнолла Алшымбаев.

Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері облыс аумағында тағы бірқатар іс-шаралар өткізіп, кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйым өкілдерімен және мұнай-газ саласындағы өнеркәсіп орындарының еңбек ұжымдарымен кездесті.


Айдана БЕГІМ