Президент экономикаға алаңдайды, бірақ қауіпсіздік маңызды екенін түсінеді
Президент экономикаға алаңдайды, бірақ қауіпсіздік маңызды екенін түсінеді
212
оқылды
Карантин тағы бірнеше күнге созылды, ол да болса түсінген жанға игі іс! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев індет кезінде елді абдыратпай, ауызбіршілікке шақырып, мұқтаждарға мүмкіндігінше жәрдемдесті. Жұмысынан айырылып немесе белгісіз себептермен ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болған азаматтардың барлығына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп, 42500 теңгеден берілді. Тұрмысы төмен отбасыларға, карантинге қамалып көшеге шыға алмай қалған жандарға азық-түлік себеті таратылды. Birgemiz қоры арқылы мұқтаж жандарға қосымша бір реттік 50 мың теңге көмек таратылды. Президентіміз ақ халатты жандарға, полиция қызметкерлеріне, ұзтаздармен қатар журналистерге де алғысын білдірді. Қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген халқына сенді. Рақмет! Ақысыз демалыста жүрсе де ләм демей қызмет етіп жүрген біраз әріптестеріме менде алғыс айтамын!

Бақтияр Қабасов, Республикалық «Рухани жаңғыру» журналының бас редакторы