25 мамырда Қарағандының Орталық саябағында қатты желден үрмелі батут аударылып, 11 жастағы бала қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы полициясы хабарлады.
Сонымен қатар 2004 және 2012 жылы туған балалар ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
– Үрмелі батутты заңсыз, рұқсат етілмеген жерге орналастырғаны үшін әрі қауіпсіздік ережесін сақтамай бала өліміне әкелгені үшін 40 жастағы Қарағанды тұрғыны қамауға алынды. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды полиция өкілі.
Былтыр дәл осындай жағдай Нұрсұлтан қаласында болған. Қатты желден аударылған батуттан бес бала ауруханаға түскен.