Дональд Трамп коронавирустың әлем елдеріне тарап кетуіне Қытайды айыптады
Дональд Трамп коронавирустың әлем елдеріне тарап кетуіне Қытайды айыптады
© сурет интернеттен алынды
365
оқылды
АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың әлем елдеріне тарап кетуіне Қытайды айыптап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Шындықты анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатқанын да айтады. Оның нәтижесі әлі белгісіз. Ақ үйдегі баспасөз маслихатында Дональд Трамп Қытай билігі вирустың таралуын тежеу үшін дер кезінде тиісті шара қолданбады дейді. Айта кетейік, АҚШ – COVID-19 індетінен ең көп зардап шеккен ел. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша елде вирус жұқтырғандардың саны бір млн-ға жуықтады. – Негізі қауіпті індеттің алдын алуға, жолын тосуға болатын еді. Алайда Қытайдың әрекеті пандемияға әкеп соқтырды. Коронавирус күллі әлемге жайылды. Қытайды жауапкершілікке тарту керек және оның бірнеше жолы бар. Қазір тергеу ісі жалғасып жатыр. Оның нәтижесі жарияланады. Біз қайтсек те, шындыққа көз жеткіземіз, - деді АҚШ президенті Дональд Трам.