ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жуық арада аяқталмайды
ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы жуық арада аяқталмайды
© сурет интернеттен алынды
268
оқылды
Коронавирус пандемиясы жуық арада аяқталмайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Індет керісінше әлемнің кей аймақтарында күш алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының басшысы осылай деп мәлімдеді. Мысалы, Африка, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдерінде індеттің таралуы артқан. Және де кей мемлекеттер вирусты жұқтыру дерегін төмендетіп көрсетуде дейді ұйым басшысы. Гебрейесус, сондай-ақ әлем елдерінен шектеу шараларын ерте жеңілдетпеуге шақырды. Себебі дерт қайта таралуы мүмкін екендігін ескертеді. – Карантин режимін жеңілдету үшін барлық жағдай ескеріліп, жан-жақты талдау дұрыс жасалағанына сенімді болу керек. Егер індетке байланысты ахуал анық екшелмей, шектеу шаралары ерте алынатын болса, көп ұзамай карантинді қайта енгізуге тура келеді. Ал салдары тіпті ауыр болуы ықтимал ,- дейді ДДСҰ төтенше жағдай жөніндегі атқарушы директоры Майкл Райан.