Тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді
Тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді
333
оқылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз-шағымдарын онлайн қабылдады. Nur Otan пар­тиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Ербол Данағұлов тікелей эфирге шы­ғып, тұрғындармен ашық-жарқын пікірлесті. Әңгіме ба­рысында ол Birgemiz қоғамдық қорынан кім, қандай қол­дау ала алатыны туралы да нақты түсіндірді. Қордан бү­гінге дейін Ақтөбе қаласындағы 7 894 адамға 7 санат бойынша көмек көрсетілгені белгілі болды. – Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 27 сәуірден бастап екінші кезең жү­зеге асырылады. Ақтөбеден 10 557 мұқ­таж отбасы қамтылды. Ті­зім­ге ен­­­­гендерге мамыр айынан бас­тап 50 мың теңге аударылады. Олар – ІІ жә­не ІІІ топтағы мүгедектер мен аз қамтылған отбасылар, – деді Ер­бол Данағұлов. Эфирде бұдан басқа да партия мен мемлекет тарапынан көр­се­ті­ле­тін әлеуметтік қолдау мәселелері тал­­қыланды. Мәселен, кейбір тұр­ғын­дар BizBirgemiz акциясы жұ­мы­­сына қызығушылық танытып, азық-түлік бойынша жағдайы тө­мен отбасыларға көмектескісі ке­ле­тінін жеткізді. Қазіргі кезде акцияға ақтө­бе­лік­­тер белсене атсалысып жатқа­нын, бүгінге дейін 3 728 отбасына азық-түлік таратылғанын айтқан Nur Otan партиясы Ақтөбе облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партия да осы игі іске 150 миллион теңге бөліп, партия­ның орталық аппараты мен фи­лиал­дарының қызметкерлері де бір күн­дік жалақысын аударғанын қо­­са жеткізді. Эфирде көпбалалы, мүгедек ба­­ла тәрбиелеп отырған аналар көп сұрақ қойды. Сонымен бірге Ал­ға, Әйтеке би, Байғанин, Мұ­ғал­­­жар, Ойыл, Шалқар аудан­да­ры­ның тұрғындары да белсенділік та­­нытты. Олар тек қаржылай кө­мек сұраған жоқ. Мысалы, Әйте­ке би ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Венера Қожахметова бау-бақ­шаны қопсытуға жасотандық­тар­дың қолғабыс етсе деген өтіні­шін біл­­дірді. Бір сағатқа созылған ті­ке­лей эфир кезінде 200-ден астам сұ­рақтың көбіне нақты жауап бе­рілді. Іс-шараға атсалысу мақсатында Nur Otan партиясының Батыс Қа­зақ­стан облыстық филиалы да өңір тұр­ғындарының сұрақтарына жауап беру үшін тікелей эфир ұйым­­дастырды. Партия филиа­лы­ның Facebook және Instagram әлеу­меттік желілеріндегі ресми па­рақ­ша­ларында еліміздегі төтенше жағ­­дайға байланысты азаматтарға мем­лекет және облыстық әкімдік та­­рапынан көрсетіліп жатқан кө­мек­­тер мен партияның BizBirgemiz ак­циясы туралы толыққанды ақ­па­рат берілді. Тікелей эфирді 500-ден астам адам көріп, тұрғындар та­­рапынан 340-тан астам сұрақ қойылды. Сауалдардың дені 42 500 тең­­гені алу, әлеуметтік көмектерге қа­­тысты болды. Сонымен қатар эфи­р­де Birgemiz қоғамдық қо­ры­нан берілетін 50 мың теңге кө­леміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да туын­­дады. Одан өзге, блок-бекет­тен өту мәселесін көтергендер де бол­­ды. – Жалпы, Nur Otan пар­тия­сы­ның BizBirgemiz акциясы ба­ры­сын­да Батыс Қазақстан облысы бойын­­ша 3 325 отбасы азық-түлік­пен қамтамасыз етілді. Бұл ретте өңір­дің кәсіпкерлері мен мәслихат де­путаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, партия өкілдері мен жа­сотандықтар айрықша белсен­ді­лік көрсетті. Ал Елбасының бас­та­масымен құрылған Birgemiz қо­ғамдық қоры арқылы бірінші ке­зеңде Орал қаласының 5 440 тұр­ғыны 50 мың теңге материалдық кө­мек алды, – деді партия филиалы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев. Өз кезегінде Nur Otan партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық филиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары эфирде қойылған әр сауалға нақ­ты жауап беріп, кейбір маңыз­ды сұрақтарды жеке бақылауына алатынын айтты. Сонымен қатар мұндай үлгідегі ті­келей эфир Солтүстік Қазақстан өңірінде де ұйымдастырылды. Nur Otan партиясының Солтүстік Қа­зақстан облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова әлеуметтік же­лі­дегі кездесуде өңір тұрғындарына ТЖ кезіндегі партиялықтардың жұмысы туралы айтып берді. Бар­лығы 1 000-нан астам адам қатыс­қан тікелей эфир барысында 200-ге жуық сұрақ пен ті­лек келіп түсті. Сұрақ­тардың көп­шілігі 42 500 теңге мөлшеріндегі тө­лемдерге, Birgemiz қорынан ма­те­риалдық көмекке, сондай-ақ азық-түлік себетін алуға қатысты бол­ды. Әсем Рахметова мұқтаждарға көмек көрсету бойынша партия фи­лиалы жұмысының негізгі бағыт­та­рын да түсіндірді. Ол нау­рыз айының соңынан бастап Jas Otan жастар қанатының волон­тер­лік брига­да­ларының күшімен об­лыс бойынша атаулы көмекпен 1 900-ден аса мұқтаж адам қамтыл­ға­нын ерекше атап өтті. Ал Петро­павл қаласы бойын­ша 875 адам қамтылған. – Біздің еріктілер күн сайын 5-тен 10-ға дейін мекенжайды ара­лап шығады. BizBirgemiz пар­тия­лық акциясын қала мен облыстың не­мқұрайды азаматтары, Петро­павл­дың теңізшілер клубының мү­шелері, Солтүстік Қазақстан мем­лекеттік университеті, же­ке­леген бастапқы партия ұйымдары, та­нымал мәдениет және өнер қай­раткерлері, спортшылар, жур­н­а­лис­тер белсенді қолдады. Біздің об­лысымызда Birgemiz-Qyzyljar ай­мақтық қоры жұмыс істейді. Бірін­ші толқыны барысында 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай кө­мекті 3 669 мұқтаж тұрғын алды. Тө­лем­дерді ұйымдастыруды, үй­лестіруді жә­не бақылауды Nur Otan пар­тиясының өңірлік фи­лиа­лы жүзеге асырады, – деді Ә.Рах­метова. Ол сондай-ақ Елбасының тап­сырмасы бойынша қаржылық кө­­­­­мектің екінші толқыны бас­тал­ғанын айтты. Бұл жолғы тізімге 7 844 адам енген. Бірінші кезекте кө­мек коронавирусты жұқтыру мен тарату қаупі жоғары және уа­қыт­ша жұмыссыз қалған Петро­павл қаласының мұқтаж тұрғын­да­­­­рына көрсетіледі. Эфирде карантин жарияланған сәт­тен бастап аймақтық қоғамдық қа­былдау жұмысы онлайн фор­мат­қа ауыстырылғаны да айтылды. 1 сәуірден бастап өтініштердің өсі­мі бай­қалған. Өткен жылмен са­лыс­тырғанда азаматтардың өтініші 57%-ға өскен. Тікелей эфирге қатысқан тұр­ғындар төтенше жағдай кезінде ұйым­дастырылған көмек көрсету ша­раларын түсіндіру жұмыстары мен өзекті мәселелерді сөз еткен Әсем Рахметоваға алғыс білдірді. Өңірлерде жалғасқан онлайн іс-шара Павлодар облысында да болды. Nur Otan партиясы Пав­ло­дар облыстық филиалының бірін­ші орынбасары Илья Теренченко тікелей эфир арқылы жергілікті тұрғындардың сауалына жауап берді. Тұрғындармен жүздесу Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы жүргізілді. Эфир­ді барлығы 1 000-ға жуық адам та­­­­машалап, партия өкіліне 900-ден ас­там сұрақ қойылды. Қашықтан кездесу кезінде об­лыс тұрғындарын негізінен мем­ле­кет тарапынан беріліп жатқан 42 500 теңге көлеміндегі жәр­де­мақы мен Nur Otan партиясы тара­пынан Birgemiz акциясы аясында үлес­ті­ріліп жатқан 50 мың теңгелік әлеу­меттік қаржылай көмек көбі­рек қызықтыратыны белгілі болды. Сон­дай-ақ эфирде «Birgemiz ак­ция­­сынан тыс қалдық» деген бір топ Ақсу қаласының тұрғындары шағымын жеткізді. Олар өздерін осы акцияда ескеруді өтініп отыр. Ал облыс орталығының халқын жо­ғарыда аталған проблемалардан бөлек, мектептердің ашылуы, сту­денттерге берілетін жәрдемақы мә­­селесі, жетімдерге азық-түлік се­бетінің берілуі сынды мәселелер де алаңдатады екен. Эфир соңында Илья Терен­ченко аталған проблемалар мен өті­німдерді жергілікті атқарушы ор­ган­мен бірлесе шешетінін, Birgemiz акциясы әлі де жалға­са­тынын және мұқтаж жандар түгел көмекпен қамтылатынын айтты.  

Әбілмансұр ЖАСАН