Прімжар Наурызбаев соғыс жылдарында Холмдік Қызыл ту 33-атқыштар дивизиясы 82-атқыштар полкіне қарасты атқыштар взводының командирі болды. Кіші лейтенант әскерге 1943 жылы 22 жасында шақырылыпты. Қызылордалық жігіт қатысқан барлық шайқаста батылдық танытып, Кеңес әскерінің жеңіспен оралуына еңбегі де ерен. Алайда соғыста көрсеткен ерлігін 82-ші атқыштар полкінің подполковнигі Пинчук иеленді. [caption id="attachment_39839" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Бұл ұрыс бір күнмен біте қоймады. Ендігі міндет – Линач қаласын басып алу. Бірақ біздің жаяу әскердің алға жылжуына жаудың екі қорғаныс нүктесі кедергі еді. Жағдайға байланысты Прімжар Наурызбаев взводты екіге бөлді. Енді екі взвод екі қорғаныс орнын тоқтаусыз оқ астына алды. Соны пайдаланған взвод командирі қасына 2-3 сарбазды ертіп, қорғаныс шебінің біреуін өзі бастап бұзып кірген. Соның ішіндегі 5 немісті құртып, ол орынды Прімжар Наурызбаевтар жаулап алды.Ол марапат 1945 жылдың 15 сәуірінде Одер өзеніндегі плацдармды басып алғанға берілген. Сол кезде Прімжар Наурызбаев өзінің взводымен судағы кедергілерге бой алдырмады. Басқалардан бірінші өткен олар аздығына қарамай, жауға шабуылдады. Жау назарын өздеріне аударып, арттағы батальонның өзеннен өтуіне мүмкіндік жасады. Ұрыста өзі 4 жауынгерді құлатса, взводы 50-ден астам немісті қырған.
Екінші қорғаныс шебінің шабуылына қарамастан ол орынды взвод сақтап қалды. Ал бұл дегеніміз – жаяу әскеріміздің алға жылжуына мүмкіндік берді. Сол ұрыста взвод немістің 100-ден астам офицері мен жауынгерін қырып салды. Міне, осы бір ерлікке полк командирі «Қызыл ту» орденімен марапатталды.