Үндеуге жұдырықша жұмылып үн қосамыз
Үндеуге жұдырықша жұмылып үн қосамыз
271
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқара үшін маңызды мәлімдемесін жасады. Жанға жылу беретін ақ сөзімен «Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін. Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ», - деп Мемлекет басшысы болашақтың бағдарын айқындады. Жамбыл облысында да бұл жұмыстар белсенді басталған болатын. Бүгінде халыққа көмек көрсету үшін құрылған Қор тарапынан арнайы санаттағы мұқтаж азаматтардың, яғни 27 333 адамның 27,3 пайызына немесе 7473-не 373 миллион  650 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (50 мың теңгеден) көрсетілді. Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімдігінің тиісті бөлімдері 2-траншпен атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін 9295 азаматтың тізімдерін дайындауда. Ұйымдастыру шараларын 1 мамырға дейін аяқтап, 9 мамырға дейін материалдық көмек көрсету жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. Коронавирус індетіне байланысты жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын айтты. Ары қарай мамыражай мамыр біз үшін дағдарыстан шығу жолы болмақ. Карантин уақытысы аяқталатын күн де алыс  емес. Олай болса Қазақстанға қайта өрлеу, дағдарыстан дамуға жол ашылар күн жақын. «Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің 24 сәуірде өткен отырысында нақты айтты. Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды» -  деп өтті. Айтылған ақжолтай жоспар көңілімізге шуақ шашып тұр. Біз бұл күнді бірлікте, берекелі тірлікте ескеретінімізге бек сенемін. Мемлекет басшысының бұл маңызды мәлімдемесі - алдағы жоспарларымызды қуаттап, қанат бітіріп отыр.

Балабек Нарбаев, Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары