Семейде вирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
Семейде вирус жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
244
оқылды
30 сәуір, сағат 9.40 жағдайындағы жедел ақпарат бойынша Семей қаласында COVID-19-дың жаңа 3 жағдайы тіркелді. Олардың барлығы 28 сәуір күні коронавирус фактісі анықталған 1952 жылғы әйелмен үй ошағы бойынша жақын байланыста болғандар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми хабарлады. Індет жұқтырғандар ішінде 2017 жылы туған бала бар. Қалған екі науқас – 1988 жылғы әйел және 1989 жылы туған ер адам. Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарға оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Қазіргі таңда ШҚО бойынша коронавирустың 20 расталған жағдайы тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.

Дәурен Аллабергенұлы.