Соңғы 8 жылда елдегі сотталғандардың саны 50 пайызға азаюынан төрт түрмені жабу жаоспарлануды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың хабарлауынша, Қазақстан халықаралық түрме рейтингі бойынша 2000 жылы 3-орында еді. 19 жылдың ішінде сотталғандарды қамтамасыз етуге қолайсыз деп танылған 8 түрме жабылған. 2019 жылғы рейтинг бойынша еліміз 95-орынға түскен.
– Осы жылы 4 түрмені жабу жоспарланып отыр. Сотталғандарды жеке камераларға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы жылдары Қызылордадағы колония мен Алматыдағы тінту изоляторы, сонымен қатар Оралдағы екі колония мен Алматы облысындағы бір колония қалпына келтірілді. Қамалғандар мен сотталғандардың қауіпсіздігі үшін мекемелердің барлық жеріне бейнекамера орнату басталды, – дейді министр.
Оның айтуынша, қылмыстық атқару жүйесі мен пробация қызметкерлері де бейнетаспамен қамтамасыз етілетінін атады. «Сотталғандардың өтініштерін электронды түрде жолдау жолға қойылмақ. Бұл үшін мекемеде тиісті терминалдар орнатылады. Мекеме қызметкерлерін бейнетіркегіштермен жабдықтауды жоспарлануда. Бастамамыз бойынша сотталғандарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету ісі Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілуі мүмкін. Осы мәселе бойынша Алматы және Қарағанды облыстарында ілкімді жоба қолға алынды. Сотталғандардың ең қажет тауарларды электронды дүкендерден сатып алуына, туыстарымен бейне сұхбаттасуына мүмкіндік беретін бірнеше цифрлық жоба әзірленіп жатыр. Алғашқы жоба Ақмола облысында іске қосылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.