Семейде 1 мамыр күні онлайн форматта мерекеленеді
Семейде 1 мамыр күні онлайн форматта мерекеленеді
©Артюшина Светлана
268
оқылды
Семейдің Достық үйі ертеңгі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін онлайн форматта атап өтетін болды. Алаш қайраткерлерінің қаласында қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты ынтымақ күнін онлайн-режимде өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Қалалық Достық үйі тұрғындар үшін бірқатар арнайы іс-шаралар легін күні бұрын алдын ала әзірлеп қойыпты. Қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарованың айтуынша, осыған дейін 27 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта әлеуметтік желілерде мерекеге арналған түрлі бейнероликтер, бейне байқаулар өткізілген. Ең бастысы, көрермендер онлайн-концерттерді тамашалайтын болады. Ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында этномәдени орталықтардың тарихын толғаған видео материал ұсынылады. Сондай-ақ, қолдан жасалған бұйымдар арасында онлайн байқаулар мен шеберлік сыныптары өткізілетін болады.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан.